Аккредитация
Аккредитация – бұл ЖОО қызметінің сапасын тұтастай немесе ЖОО-ның жекелеген білім беру бағдарламаларын аккредиттеу органы белгілі бір стандарттар мен өлшемдерге сәйкестігін бағалайтын процесс («Білім туралы» Қазақстан Республикасының 27.07.2007 ж. № 319-III Заңы).
Стандарттар мен өлшемдерді әрбір аккредиттеу органы өз
бетінше анықтайды.
Аккредиттеудің түрлері:
- институционалдық
- бағдарламалық (мамандандырылған) аккредиттеу.
Институционалдық аккредиттеуден өту университетке бірнеше мүмкіндіктер береді:
- Студенттер
мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту.
- Университеттің білім беру қызметінің экспортқа бағдарлануын кеңейту.
- Өзінің
мәртебесін және берілген білімнің еуропалық стандарттарға сәйкестігін растау.
- Ұлттық
білім беру нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыру.
- Білім беру
гранты негізінде мемлекеттің қаржыландыруын алу.
- Университет туралы ұстанымын, имиджін және қоғамдық пікірін арттыру.
- Сапаны
қамтамасыз етудің ішкі жүйесін жетілдіру және сапа мәдениетін дамытуды
қамтамасыз ету.
- Білім беру
бағдарламаларын басқару арқылы білім беру процесін басқару.
Бағдарламалық (мамандандырылған) аккредиттеуден өту университетке келесідей мүмкіндіктер береді:
- Университет дипломдарын тану және түлектерді шетелде жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту.
- Студенттер
мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту.
- Білім беру
қызметінің экспортқа бағдарлануын кеңейту.
- Халықаралық білім беру нарығында бәсекеге түсу, жоғары білім берудің әртүрлі
жүйелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру.
- Өзінің
мәртебесін және берілген білімнің еуропалық стандарттарға сәйкестігін растау.
- Білім беру
қызметтерінің ұлттық нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыру.
- Мемлекеттік білім беру гранты негізінде қаржыландыру алу.
- Білім беру
бағдарламалары туралы позицияны, имидд бен қоғамдық пікірді арттыру.
- Білім беру бағдарламасының сапасын
қамтамасыз етудің ішкі жүйесін жетілдіру және сапа мәдениетін дамытуды
қамтамасыз ету.
- Білім беру бағдарламасын басқару арқылы білім беру процесін басқару.